Skip to main content

СПОРТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ӘМБЕБАП ЗАЛЫ

Жалпы ауданы 2166 шаршы метрді құрайтын екі үлкен зал.

Үлкен залдар барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған және волейбол, баскетбол, гандбол, бадминтон, шағын-футбол сияқты командалық ойындарды ұйымдастырып өткізуге арналған. Сондай-ақ, залдар бокс, еркін және грек-рим күресі, самбо, каратэ, дзюдо, таэквондо, семсерлесу, үстел теннисі және көркем гимнастика бойынша жарыстар мен спаррингтер өткізуге қолайлы. 

Залдар төмендегідей жабдықталған:

  • олимпиадалық күрес кілемдері – 8 дана,
  • олимпиадалық күрес төсеніштері – 8 дана,
  • татами жиынтықтары (даянг) – 4 дана.
  • Палуандар үшін 32 бокс манекені (тұлып) бар.