Skip to main content

БӨЛМЕЛІК ҚОР

СПОРТШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚОНАҚ ҮЙ

Қонақ үй кешені 117 бөлме – 234 ұйықтайтын орыннан тұрады.
Қонақ үй бөлмелік қордың төртжұлдызды классификацисына сәйкес келеді.
Бөлмелер екі орындық жайғастыру түріне ие және төмендегідей құрал-жабдықтармен жабдықталған: Box Spring әмбебап кереуеттері (бір екі кісілік кереует немесе екі бір кісілік кереуеттер), сиымды шкаф, жеке сейф, фен, дәретхана жабдықтары бар себезгі кабинасы, жалпы және арнайы жарықтың комбинирленген жүйесі, тегін WI-FI, ауа кондиционері, жұмыс орны, жазық экранды теледидар, шәй демдеуге және кофе әзірлеуге қажетті заттар, дыбыс өткізбейтін терезелер, blackout перделері.

ДЖУНГЛИ, ФИН ЖӘНЕ НЕМІС ҮЙЛЕРІ

2-ден 4 адамға дейін орналастыруға болатын жайлылығы жоғары шағын үйлер.
Үйлер жайлы тұру үшін барлық қажетті заттармен жабдықталған: екі кісілік кереует, жұмсақ бұрыш, ыдыс-аяқ және асүй жабдықтары, тоңазытқыш, теледидар, кондиционер, жұмыс орны, сиымды шкаф, шағын тоңазытқыш, фен, дәретхана жабдықтары бар себезгі кабинасы, тегін WI-FI.

ALMA-TAU ҚОНАҚ ҮЙІ

Қонақ үй кешені 58 адамға арналған. Бөлмелер екі кісілік кереует, сиымды шкаф, жеке сейф, шағын тоңазытқыш, фен, дәретхана жабдықтары бар себезгі кабинасы және тегін WI-FI-мен жабдықталған.

Спорттық инфрақұрылым

СПОРТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ӘМБЕБАП ЗАЛЫ

Жалпы ауданы 2166 шаршы метрді құрайтын екі үлкен зал.
Үлкен залдар барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған және волейбол, баскетбол, гандбол, бадминтон, шағын-футбол сияқты командалық ойындарды ұйымдастырып өткізуге арналған.

Сондай-ақ, залдар бокс, еркін және грек-рим күресі, самбо, каратэ, дзюдо, таэквондо, семсерлесу, үстел теннисі және көркем гимнастика бойынша жарыстар мен спаррингтер өткізуге қолайлы. 

Залдар төмендегідей жабдықталған: олимпиадалық күрес кілемдері – 8 дана, олимпиадалық күрес төсеніштері – 8 дана, татами жиынтықтары (даянг) – 4 дана. Палуандар үшін 32 бокс манекені (тұлып) бар.

АУЫР АТЛЕТИКА ЗАЛЫ

300 шаршы метрді құрайтын мамандандырылған зал ауыр атлетикамен шұғылдану үшін салынған.

Зал заманауи жаттығу құрылғыларымен, айналармен, 16 стационарлық тұғырлармен және заманауи халықаралық стандарттарға сай келетін арнайы едендермен төселген. .

Залда бір мезетте 30-ға дейін спортшы жаттыға алады.

ФИТНЕС ЗАЛЫ

1429 шаршы метрді құрайтын мамандандырылған зал. (L – 56.7м / B – 25.2м / H – 4.5м),
Барлық бұлшықет топтарына арналған SportsArt жаттығу құрылғыларымен жабдықталған. Кардио аймағы (жүгіру жолдары, веложаттықтырғыштар, аэровелосипедтер, есу жаттықтырғыштары) бар.

Функционалды және күш жаттығулары аймақтары, бос салмақпен жұмыс жасайтын жаттығу құрылғылары, жаттығу октагоны, созылу және миофасциалды босату аймағы бар.

БОКС ЗАЛЫ

Бесінші залдың жалпы ауданы 1429 шаршы метрді құрайды. (L – 56.7м/ B – 25.2м/ H – 6 м).

Зал арнайы бокспен айналысу үшін жабдықталған. Залдың подиумында 2 жекпе-жек алаңы және 50 соққыға арналған қап бар.

Кешен алаңында жалпы 6 бокс рингі, 4 жаттығу рингі, подиумда 2 жекпе-жек алаңы, 105 соққыға арналған қап бар.

КИІМ АУЫСТЫРАТЫН БӨЛМЕ; МЕДИЦИНАЛЫҚ КАБИНЕТ; МАССАЖ КАБИНЕТТЕРІ

Спорт кешенінде 72 себезгі кабиналары және 443 киім ауыстыратын бөлме бар.

Барлық бөлмелер кәсіби климаттық бақылау жүйелерімен және жылытылатын едендермен жабдықталған.

Сондай-ақ, 100 орындық мәжіліс залы, кезекші дәрігері бар медициналық пункт және кәсіби массажшылар бар массаж бөлмелері, өзіне-өзі қызмет көрсететін кір жуатын орын бар.

    Тамақтану

    ҮЙЛЕСТІРІЛГЕН ТАҒАМЫ БАР АСХАНА

    швед үстелі үлгісінде
    Спортшыларды дайындау мен қалпына келтірудің маңызды бөлігі тамақтану болып табылады. ALMA-TAU ұжымы өнімдерді таңдауға аса жауапкершілікпен қарайды. Біз жергілікті фермерлермен ынтымақтасып жұмыс жасаймыз және дастарханға өнімдерді мұқият таңдаймыз. ХАССП стандарттарын сақтау, үш мезгілдік тамақтану-спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын жағымды таң қалдырады.

    APRIL

    жеке тамақтану мейрамханасы
    April мейрамханасы біздің қонақ үйдің бірінші қабатында орналасқан, ол еуропалық мекемелердің ең жақсы дәстүрлеріндегі интерьерімен, сонымен қатар, тек банкеттер ғана емес, іскерлік кездесулер мен конференциялар өткізу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Мейрамхана ұжымы қонақтарды гастрономиялық еркелетуді ерекше ұнатады

    САМ ПРИШЕЛ

    жеке тамақтану мейрамханасы
    Мейрамхана үшін кішкене ерекше атау, солай емес пе? Алайда Сіз мұнда өзіңіз келген болсаңыз, онда ерекше әсер аласыз. Бұл мекеменің түпнұсқа интерьері сізді Еуропаның бір жерінде орналасқан шағын, бірақ өте қонақжай ауылдың атмосферасына алып барады … Тамаша тағамдар, түрлі сусындардың кең таңдауы және мінсіз қызмет көрсету кешіңізді керемет етеді!

      КЕШЕН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН 40 МИНУТТЫҚ ЖЕРДЕ, ТЕҢІЗ ДЕҢГЕЙІ АСТЫНДА 883 МЕТР БИІКТІКТЕ ОРНАЛАСҚАН ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ ТАУ СІЛЕМЕСІ БӨКТЕРІНДЕ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА АЙМАҚТА ОРНАЛАСҚАН.

      АТМОСФЕРА

      АҚПАРАТТЫҚ БЕЙНЕ

      ҚОСЫМША ҚЫЗМЕТТЕР

      • БАССЕЙНДЕР

        Кешен аумағында екі үлкен және балаларға арналған бассейндер орналасқан.
      • ФИН МОНШАСЫ

        Қалпына келтіруге арналған моншалардың кең таңдауы және бос уақыт
      • САҚ МОНШАСЫ

        Қалпына келтіруге арналған моншалардың кең таңдауы және бос уақыт
      • МАССАЖ

        классикалық — сауықтыру, спорттық, нүктелік, қалбырлық массаж, бал массажы, отты массаж

        ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

        Қандай спорт түрлері бойынша жиындар өткізу мүмкіндігі бар?
        Бокс, кикбоксинг, күрестің барлық түрлері, каратэ, таэквондо, ММА, ауыр атлетика, баскетбол, волейбол, мини-футбол, гандбол, семсерлесу, көркем гимнастика, бадминтон, садақ ату және басқа да спорт түрлері.
        Спорт залдары мен бөлме қорының сыйымдылығы қандай?
        Кешеннің инфрақұрылымы бір мезгілде 400-ге дейін спортшыны қабылдай алады.
        Спортшылардың тамақтануы қалай жүзеге асырылады?
        Асхана “швед үстелі” форматы бойынша теңдестірілген тамақтануды жүзеге асырады. Таңғы ас, түскі және кешкі ас уақыты жаттығу процесіне сәйкес белгіленеді.
        Кешен аумағында wi fi бар ма?
        Wi Fi кешеннің бүкіл аумағын қамтиды.
        Трансфер бар ма?
        Келісім бойынша және қосымша ақы үшін біз трансфер ұсына аламыз.
        Кешен теңіз деңгейінен қандай биіктікте орналасқан ?
        Кешен Қазығұрт тау жотасының етегінде теңіз деңгейінен 883 метр биіктікте орналасқан.
        Әмбебап залдар қандай жабындарға ие?
        Кешен аумағында екі әмбебап кешен бар. Академия залында RS-SPORT резеңкеленген жабыны бар, ал спорт кешенінің залы толығымен паркет.
        Рингтер, күрес жабындары олимпиадалық стандарттарға сәйкес келе ме?
        Иә. Кешен аумағында олимпиадалық стандартқа сәйкес рингтері, күрес жабындары және татами бар.
        Боксшыларға арналған жабдықтар бар ма және олардың өлшемдері қандай?
        Кешен аумағында әр түрлі мөлшердегі 100 данадан астам боксшыларға арналған жабдықтар бар: 140см, 150см, 160см, 180см.
        Бассейн қай кезеңде жұмыс істейді?
        Бассейндер мамырдың басынан қыркүйектің аяғына дейін жұмыс істейді.
        Кешен аумағында қандай моншалар бар?
        Спортшыларға ыңғайлы болу үшін қонақ үй ғимаратында орналасқан фин моншасы салынды. Моншаға бару тұру құнына кіреді. Сонымен қатар, кешен аумағында екі монша (фин және сақ) орналасқан.
        Сіздің аймақтың климаты қандай?

        Біздің аймақта 300-ден астам шуақты күн, жұмсақ әрі қысқа қыс. Жылы ауа температурасы жыл бойы сақталады.