Skip to main content

СПОРТШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚОНАҚ ҮЙ

Қонақ үй кешені 117 бөлме – 234 ұйықтайтын орыннан тұрады.
Қонақ үй бөлмелік қордың төртжұлдызды классификацисына сәйкес келеді.

Бөлмелер екі орындық жайғастыру түріне ие және төмендегідей құрал-жабдықтармен жабдықталған: Box Spring әмбебап кереуеттері (бір екі кісілік кереует немесе екі бір кісілік кереуеттер), сиымды шкаф, жеке сейф, фен, дәретхана жабдықтары бар себезгі кабинасы, жалпы және арнайы жарықтың комбинирленген жүйесі, тегін WI-FI, ауа кондиционері, жұмыс орны, жазық экранды теледидар, шәй демдеуге және кофе әзірлеуге қажетті заттар, дыбыс өткізбейтін терезелер, blackout перделері.